Текст
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы «Егемен Қазақстан» газетінде осыдан тура бір жыл бұрын 2017 жылдың 12 сәуірінде жарияланды. «ҚазАқпарат» ХАА бағдарламалық мақалада жүктелген міндеттер бойынша атқарылған жұмыстарға шолуды ұсынады
![](https://www.inform.kz/lenta/ruhani/img/100book.png)
«ЖАҢА ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ.
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» ЖОБАСЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» ЖОБАСЫ
- Жоғары оқу орындарының ұсыныстары негізінде 800 атаумен алғашқы оқулықтар тізімі құрастырылды.
- Сараланған критерийлерге сәйкес іріктеу жұмыстары 17 жұмыс тобы арқылы іске асырылды, оған 90-нан астам маман тартылған.
- Басылымдарды қазақ тіліне аударып оқулықтарды таратуды жүзеге асыру үшін «Ұлттық аударма бюросы» коммерциялық емес қоры құрылды.
- Аударма жұмыстары қысқартулар мен толықтырусыз және түпнұсқа мәтініндегі ойды өзгертпей беруге құрылған. Сонымен қатар, суреттер мен кестелердегі барлық мәтіндер мемлекеттік тілге аударылған.
- 2017 жылы әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық білім саласындағы 18 ең үздік әлемдік оқулықтар мемлекеттік тілге аударылып, CD дискілер арқылы ұсынылды.
- 100kitap.kz жобасының ресми сайты іске қосылды. Сайтта жоба туралы толық ақпараттар мен аударылған кітаптардың тізімі, сондай-ақ жұмыс топтарының құрамы көрсетілген.
![](https://www.inform.kz/lenta/ruhani/img/tugan-jer.png)
«ТУҒАН ЖЕР» ЖОБАСЫ
- «Туған жер» жобасы «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани Қазына», «Ақпарат толқыны» атты төрт қосымша бағдарламадан тұрады.
- «Тәрбие және білім» – қазақстандық патриотизм рухымен үйлесе дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
- «Атамекен» – қазақстандықтардың азаматтық белсенділігін күшейту және атамекенге деген жауапкершілікті күшейту.
- «Рухани Қазына» – туған жердің дәстүрін, тарихын және мәдениетін құрметтеу.
- «Ақпарат толқыны» – іске асырылатын жобалардың қоғамдық мониторингіне азаматтардың қатысуы үшін ақпараттық инфрақұрылымдар құру.
- Жоба аясында бүкіл ел бойынша 700-ден астам жоба жүзеге асырылды.
- Меценаттар есебінен 51 млрд теңгеден астам демеушілік көмек алынды.
- 2017 жылы өлкетану жұмыстары аясында 735 нысанға абаттандыру және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
- «Туған жер» жобасы аясында барлығы 1438 нысан пайдалануға берілді.
![](https://www.inform.kz/lenta/ruhani/img/latin-lang.png)
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЛАТЫНҒА КӨШІРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОБА
- Жаңа әліпби жобасын дайындау және алдын ала талқылау жұмыстары аясында 2,5 мыңнан астам ғалым және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен 20-дан астам ғылыми-практикалық және ғылыми-әдістемелік форум өтті.
- Атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабар таратуға және оған қоғамды тарту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 2 мыңға жуық мақала, әлеуметтік желілерде 1800-ден астам мазмұнды материалдар жарық көрді.
- Әліпбидің әзірленген нұсқасы 2017 жылдың 11 қыркүйегінде «Мемлекеттік тілдің әліпбиі үшін бірыңғай латын графикасы стандартын енгізу туралы» Парламент тыңдаудатаныстырылды.
- Латын графикасындағы қазақ әліпбиінің бірыңғай стандарты Мемлекет басшысының 2017 жылғы 9 қазандағы жұмыс тобының мүшелерімен кездесуінде ұсынылды.
- 2018 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Жарлығы шықты. Жарлық әліпбидің жаңа нұсқасын бекітті.
- Жоба бойынша жұмысты одан әрі ұйымдастыру - әртүрлі салаларға жаңа әліпбиді енгізу үшін Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия құрылды.
- 2018 жылдың наурыз айында Премьер-Министрдің Өкімімен 2025 жылға дейін қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен ауыстыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
![](https://www.inform.kz/lenta/ruhani/img/sokral-kz.png)
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІ» ЖОБАСЫ
- ҚР Ұлттық музейі кешенінде «Қасиетті Қазақстан» Орталығы құрылды.
- Жоба аясында жалпыұлттық және жергілікті киелі орындарды жүйелеу және іріктеу жұмыстары бойынша 40 ғылым және қоғам қайраткерлерінен тұратын Ғылыми-сараптамалық кеңес құрылды.
- Жалыпұлттық және өңірлік маңызы бар нысандар тізімі құрылып, аннотациялық маңызы бар 185 жалпыұлттық нысан анықталды.
- Жалпыұлттық маңызы бар қасиетті нысандардың 3d турларға құрылған виртуалдық картасы жасалды. Картада тарихи нысандар туралы қысқаша және толық ақпараттар берілген.
- БҰҰ-ның 5 тіліне аударылған Қазақстанның қасиетті жерлері туралы 4 фильм өндірісте тұр.
- National Geographic, Viasat History, Discovery арналарымен бірлескен жоба ретінде «Күлтегін» ғылыми-танымдық деректі фильмі түсірілуде.
![](https://www.inform.kz/lenta/ruhani/img/culture-kz.png)
«ЖАҺАНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ» ЖОБАСЫ
- Жоба Қазақстан мәдениетін шетелге таныстырудың жүйелі жұмысын құруға, мәдени тәжірибе алмасудың тұрақты арналарын қалыптастыруға бағытталған.
- Жоба шеңберінде Қазақстанның тәуелсіздігі кезеңінде қалыптасқан жаңашыл, түпнұсқалығымен ерекшеленетін, сондай-ақ заманауи қоғамның эстетикалық және көркемдік талғамдарына сай келетін қазақ мәдениетінің туындыларын жинау және жүйелеу жұмыстары жүргізілді.
- Әдебиет саласында 193 туынды іріктеліп алынды.
- «Театр, кино и хореография» - 56 туынды.
- «Классикалық және дәстүрлі музыка» - 66 орындаушы.
- «Бейнелеу өнері» - әйгілі шеберлер мен заманауи суретшілердің 177 туындысы.
- 2017 жылы Париждегі UNESCO штаб-пәтерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының тұсаукесері өтті. Тұсаукесер аясында шетелдік аудиторияға қазақстандық мәдениеттің әртүрлі бағыттарын көрсететін түрлі іс-шаралар өткізілді.
- Классикалық және халық музыкасының жетістіктерін насихаттау мақсатында Еуропа мен Азияның 10 елінде 7 жетекші шығармашылық топтың гастрольдік турлары ұйымдастырылды.
- Dalatunes жобасы іске асырылды. Ол – ең үздік қазақстандық музыкаларға сандық қолжетімділікті қамтамасыз ететін интернет-ресурс. Осы арқылы 2017 жылдың ішінде 13 мың музыкалық шығарма, 1,2 мың нота және 1,7 мың аккорд жүктелді.
- Отандық және шетел аудиториясын әр түрлі жанрдағы қазақ музыкасымен таныстыратын Dala sazy онлайн-радио жобасы дайындалды, іске қосылудың алдында тұр.
- Қазіргі уақытта әдебиеттегі «проза» және «поэзия» жанрындағы антологияларды ағылшын тіліне аудару жұмыстары қолға алынуда
- Жаңа дарынды авторлар мен туындыларды табуға бағытталған «Рух» тұңғыш Халықаралық әдебиет конкурсы ұйымдастырылды.
- Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіндегі жалпы қорға тиесілі 24 813 бірліктің 13 700 бірлігі цифрландырылды. ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында 39 602 бірлік (266 500 бірлік жалпы қор) цифрланды.
![](https://www.inform.kz/lenta/ruhani/img/face100.png)
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ» ЖОБАСЫ
- Дауыс беру арқылы еліміздің барлық өңірлерінен 302 үміткер ұсынылды. Олар қызметіне сәйкес 6 санат бойынша бөлінді: ғылым – 45, спорт – 42, қоғам – 85, медицина – 46, мәдениет – 37 және бизнес – 47 адам.
- Дауыс беру қорытындысы бойынша 340 мыңнан астам қазақстандық өз үздіктеріне 1 миллион 376 мың дауыс берді. Жалпыхалықтық онлайн дауыс беру «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының 102 жеңімпазды анықтады.
- 2017 жылғы 1 желтоқсанда Мемлекет басшысы Жоба қатысушыларымен кездесті. Кездесуге қатысқандар арасында «Мәдениет», «Ғылым», «Медицина», «Бизнес», «Қоғам» салаларының түрлі өкілдері болды.