Сыбайлас-жемқорлық деген не?
“Сыбайлас-жемқорлық”
деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып,
анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік
болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау,
параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.
Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу,
лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
ҚР
“Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей
анықтама береді. Ол: “…мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ
соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен
байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік
пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты
қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және
артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.