Отбасы – өмір аясы
"Отбасы – ошақ қасы" демекші, мен үшін отбасы қасиетті ұғым. Көктерек
негізгі мектебінде оқып жүргенімде әр түрлі іс-шаралар болып тұратын. Отбасы
күнін ата-аналарымызбен бірге тойлайтынбыз және өте қызықты болатын.
Отбасы – қасиетті құндылық. Адам баласына берілетін тәрбиенің ең негізгі осы
отбасында қалыптасады. Талайды қанаттандырған киелі шаңырақ – отбасы. Өскелең
ұрпақты тәрбиелеу кезін-де отбасылық салт-дәстүрлерді қолдау және дамыту,
оқушылардың көркемдік шығармашылығын насихаттау, балалардың бойында патриотизм
және отбасылық құндылық сезімдерін ояту – ұстаздарымыздың басты мақсаты болды.
Қазақта: "Отан отбасынан
басталады", – деген дана сөз бар. Шынында да, адам баласы үшін Отаннан
кейінгі қасиетті ұғым – отбасы болса керек. Отбасы – Отанның әрбір мүшесін
дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, қатарға қосатын маңызды ұя. Данышпанның да,
ғалымның да ең алғашқы тәлімі мен тәрбиесі осы үйде қаланған. Жанұяның
береке-бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең,
ұшқанда соны ілесің. Міне, осы мерекеге барлық ата-аналар, көненің көзі
ата-әжелер немере-шөберелерімен бірге сабаққа қатысып, топ-топтарға бөлініп, әр
түрлі сайыстар өткізді. Ата-әжелер немерелерімен бірге жүгіріп, доп ойнағаны
тіпті қызық болды. Сынып сағаттарында отбасы туралы айтылған қазақтың
мақал-мәтелдерін талқылап,ата-аналарымыз жайында өте керемет әндер шырқайық.